«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 851 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 851 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 40-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 124-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің департаменттері, дербес басқармалары және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығында:
1-тармақта 11-2) тармақша алып тасталсын;
осы бұйрыққа 11-2-қосымша алып тасталсын.
2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) осы бұйрыққа 4-2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті туралы ереже;»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Демо – версия документа