(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТІЗБЕС...
Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 Қаулысы
(2017.20.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 21 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2017.20.07. № 441 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 қарашадағы
№ 1210 қаулысымен
бекітілген
Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің
тізбесі
р/с № | Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің атауы | Республикалық азаматтық қорғау қызметтерін қамтамасыз етуге және олардың жұмыс істеуіне жауапты уәкілетті органның атауы |
1 | 2 | 3 |
1 | Мемлекеттік өртке қарсы қызмет | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
2 | Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі | |
3 | Медициналық қызмет | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
4 | Инженерлік қызмет | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
5 | Сауда қызметі | |
6 | Химиялық қорғау қызметі | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
Редакция документа
Демо – версия документа