(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҮЙЛЕРДІҢ, ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ, ҒИМАРАТТАРДЫҢ ЭНЕРГИЯ ТИІМ...
Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 399 бұйрығы
(2022.17.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017.28.12. № 922 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакциялда (бұр.ред.қара)
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 5-бабының 6-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Редакция документа
Демо – версия документа