(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛ...
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 271-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 8 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
Д. Қыдырәлі |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2023 жылғы 1 шілдедегі
№ 271-НҚ бұйрыққа
1-қосымша
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа