«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 338 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 338 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13456 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларында:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру тәртібі».
2. «Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20323 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Атом энергиясы пайдаланылатын объектiлердiң өмірлiк циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Ядролық материалдармен жұмыс iстеуге арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
Демо – версия документа