«Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығы (2024.03.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығы
(2024.03.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2022.01.02. № 35 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің 2023.09.01. № 4 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 20 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2024.24.09. № 338 бұйрығымен (2024 ж. 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Атом энергиясы пайдаланылатын объектiлердiң өмірлiк циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Ядролық материалдармен жұмыс iстеуге арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Радиоактивтi заттармен, құрамында радиоактивтi заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеуге арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Иондандырушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеуге арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтерді көрсетуге арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
Демо – версия документа