(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭТИЛ СПИРТІН САҚТАУ МЕН ӨТКІЗУ (ТИЕП-ЖӨНЕЛТУ, ҚАБЫЛ...
Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 14 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова
2015 жылғы 23 ақпан
Қаржы министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 109 бұйрығымен
бекітілген
Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу)
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2) тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) тәртібін белгілейді.
Редакция документа
Демо – версия документа