«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 Қаулысы (2019.19.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 Қаулысы
(2019.19.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 Қаулысымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар (келісім бойынша) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпарат берсін.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
ҚР Үкіметінің 2019.29.04. № 231 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2018 жылғы 22 маусымдағы
№ 372 қаулысымен
бекітілген
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы
Тұрғын үй құрылысы секторының ағымдағы жағдайын бағалау
Тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау шаралары туралы
Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі туралы
Халық өсімі мен тұрғын үй қорының серпіні
Документ утратил силу
Демо – версия документа