«Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 87 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 191-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеңес туралы ереже бекітілсін.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бір ай мерзімде Мемлекет басшысының қарауына Кеңестің дербес құрамы жөнінде ұсыныстар енгізсін.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 24 тамыз
№ 87
Президентінің
2019 жылғы 5 тамыздағы
№ 87Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 791 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
Демо – версия документа