«Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 17 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы
ҚР Президентінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 202 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс жоспарының жобасы мақұлдансын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2015 жылғы мамырдың 5-і.
№ 17
Президентінің
2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 17 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі - Ұлттық комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Ұлттық комиссия қызметінің басты мақсаттары институционалдық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру болып табылады.
3. Ұлттық комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Ұлттық комиссияның қызметін ұйымдастыру
4. Ұлттық комиссияны Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын төраға басқарады.
1) Ұлттық комиссияның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Президенті мақүлдаған Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді;
3) Ұлттық комиссия отырыстарының өткізілетін орны мен уақытын айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының Президенті алдында Ұлттық комиссияның жұмысы туралы есеп береді;
5) институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі жұмыс топтарының дербес құрамдарын бекітеді.
Ұлттық комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа