Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РАДИАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІН БЕКІТУ ТУРАЛ...

Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 360 бұйрығы

 

Осы редакция 2017 жылғы 26 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексі 192-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Радиациялық бақылауды жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Мыналар:

1) «Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3116 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 жылы № 41-44, 1042-құжатта жарияланған);

2) «Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасы - Қаржы вице-министрінің 2005 жылғы 7 қыркүйектегі № 345 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3862 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 168 (792)жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (С.Н. Баймағанбетов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында оның кейінгі жариялауын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді және 2011 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку