(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕР...
Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2018 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. 2009 жылғы 18 қыркүйектегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., №20-21, 89-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 32-құжат; №15, 71-құжат; №24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №2, 21-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №17, 136-құжат; №21, 161-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №3, 26-құжат; №4, 32-құжат; №8, 64-құжат; №12, 83-құжат; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №5-6, 30-құжат; №7, 36-құжат; №9, 51-құжат; №12, 57-құжат; №13, 62-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №11, 65-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат; №7, 33-құжат; №10, 50-құжат; №19-II, 102-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №22-I, 143-құжат; №22-V, 156-құжат; №23-II, 170-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 103-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«103-1-бап. Химиялық кастрациялау»;
2) 95-баптың 4-тармағы 5) тармақшасындағы «негіздер болған кезде жол беріледі.» деген сөздер «негіздер болған кезде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) азаматта психикалық ауытқушылықтар мен сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділік анықталған кезде жол беріледі.»;
3) мынадай мазмұндағы 103-1-баппен толықтырылсын:
«103-1-бап. Химиялық кастрациялау
Редакция документа
Демо – версия документа