«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 315 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 315 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13470 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларында:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13458 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Уәкілетті органға жеке және заңды тұлғалар жіберетін есептер осы Қағидаларға 1-10 қосымшаларға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар түрінде ресімделеді (бұдан әрі - нысандар).
Нысандарды толтыру кезінде осы Қағидалардың 11-қосымшасында келтірілген операциялар коды пайдаланылады.
Жеке және заңды тұлғалармен қағаз және электронды тасымалдаушы нысандары мұқабалық хатпен бірге уәкілетті органға жіберіледі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа