«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 828 Қаулысы (2022.20.07. берілген өзгерістермен)
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 828 Қаулысы
(2022.20.07. берілген өзгерістермен)
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 15-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 22 қарашадағы
№ 828 қаулысымен
бекітілген
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесі туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 15-3) тармақшасына, сондай-ақ «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-1-бабының 3-тармағына және 8-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Демо – версия документа