Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 1/124 Қаулысы

Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 1/124 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 4-бабы 9-13) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алматы қаласының әкімі

Е. Досаев

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2023 жылғы 28 ақпандағы

№ 1/124 қаулысына

қосымша

 

 

Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру

 қағидалары

 

1 - тарау. Жалпы ережелер

 

1. Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы» заңдарына сәйкес әзірленген және Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру тәртібін айқындайды.

2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) басқарушы компания – жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалған, көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын және құрылтайшымен шарт жасасқан заңды тұлға (бұдан әрі – басқарушы компания);

2) басқарушы компанияның құрылтайшысы – Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – құрылтайшы);

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку