(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ МАМАНДАРЫ...
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығы
(2022.20.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын бітіргені туралы куәліктің үлгісі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңда белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрықты мемлекеттiк тіркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 253 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9494 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 18 маусымда жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
Редакция документа
Демо – версия документа