(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2014 ЖЫЛҒЫ 29 МАМЫРДАҒЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ...
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарға өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Москва қ., 2015 жылғы 8 мамырда)
(2018.29.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 ж. 1 сәуірге дейін қолданылған редакция
ҚР 2015 жылғы 2 тамыздағы № 346-V Заңымен ратификацияланды
2015 жылғы 12 тамызда күшіне енді
Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың 1-бабының екінші абзацын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ көрсетілген Шарттың 8-бабына сәйкес
төмендегілер туралы осы Хаттаманы жасасты:
Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуына байланысты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа қосымшада көрсетілген жекелеген халықаралық шарттарға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Армения Республикасының қосылуына байланысты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы (2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған шартқа № 2 қосымша) Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға өзгерістер енгізу туралы хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа