Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең төмен мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 137 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 313 Қаулысы (күші жойылды)

«Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең төмен мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 137 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 313 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 25 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең төмен мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8591 тіркелген, 2013 жылғы 6 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 134 (2335) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

1-тармағының үшінші - он бірінші абзацтары 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды

2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қағидалардың 2-3-тармағында өзгеше белгіленбесе, есепті тоқсан соңындағы динамикалық резервтің мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:»;

мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:

«2-3. Динамикалық резервтің мөлшері былайша айқындалады:

1) 2014 жылғы бірінші, екінші, үшінші, төртінші тоқсан соңындағы динамикалық резерв Қағидалардың 2-тармағына сәйкес формула бойынша есептелген 2013 жылғы төртінші тоқсанның соңындағы динамикалық резерв мөлшерінде айқындалады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку