(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САРАПТАМА АКТІСІН (СЫНАҚ ХАТТАМАСЫН) БЕРУ ҚАҒИДАЛАР...
Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығы
(2019.11.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 46-13) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидалары бекітілсін.
2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығының жетекшілік ететін вице - министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
10 ақпан 2015 жылы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
27 қаңтар 2015 жылы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 7-1/19 бұйрығымен
бекітілген
Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру
қағидалары
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.11.01. № 9 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа