(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.11.06 № 573 ҚАУЛЫСЫ
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 Қаулысы
(2015.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.27.03. № 355 Қаулысымен тықырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 15) тармақшасына, «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2012.27.03. № 355 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттары айқындалсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 22, 270-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 328 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 144-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.27.03. № 355 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 маусымдағы
№ 573 қаулысымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа