Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 350 Қаулысы

 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 350 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісу бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 4 және 61-тармақтарының қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде аталған тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«4. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары жаһандық пайымды, елдің орнықты дамуының ұзақ мерзімді бағыттары мен басымдықтарын айқындайтын мақсат қою құжаттарына негізделеді.

Мақсат қою құжаттарына «Қазақстан - 2050» пайымы және Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы жатады.»;

«61. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бесжылдық кезеңге әзірлейді және ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органының шешімімен бекітіледі.».

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку