(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДА БРОКЕРЛІК ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) Д...
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 146 Қаулысы
(2017.27.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.27.03. № 54 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін «Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті» пруденциялық нормативі белгіленсін.
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні күн сайын кемінде 1 болады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.27.03. № 54 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидалары бекітілсін
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Қ. Келімбетов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің
Төрағасы
2014 жылғы 5 тамыз
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 16 шілдедегі
Редакция документа
Демо – версия документа