«Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 318 бұйрығы (2024.22.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 318 бұйрығы
(2024.22.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021.30.12. № 425 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Д. Абаев |
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023.27.03. № 108 бұйрығымен (2023 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024.03.07. № 287-НҚ бұйрығымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2019 жылғы 29 тамыздағы
№ 318 бұйрығына
қосымша
Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Демо – версия документа