(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.03.03 № 237 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 237 Қаулысы
(2015.01.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 7 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 3 наурыздағы
№ 237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2015.01.09. № 727 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 45, 493-құжат):
кіріспедегі «монополиялар» деген сөзден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын;
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Электр энергиясын желіге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған үлгі шартта:
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«реттеуші орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа