Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 940 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 940 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.

2. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісу бойынша) айқындалсын.

3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы қызмет көрсетілетін мемлекеттік органдардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қарамағындағы объектілерде орналасқан заңды тұлғалардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілерін күтіп ұстау мен дамыту және олардың жүйелері мен технологияларының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісу бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) кәсіпорынның жарғысын бекітсін;

2) кәсіпорынды тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығы» акционерлік қоғамы таратылсын.

6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Инженерлік-техникалық орталығы» акционерлік қоғамының қалған мүлкін кәсіпорын теңгеріміне берсін.

7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку