«Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 15 нормативтік қаулысы (2023.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңнаманы қолдануы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 15 нормативтік қаулысы
(2023.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2023.07.12. № 4 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша:
«талап қою арызын», «талап арызды» деген сөздер тиісінше «талап қоюды» деген сөздермен ауыстырылды, «қойған талапты», «қойылған талапты», «талаптың», «талап қойып» деген сөздер тиісінше «қойған талап қоюды», «қойылған талап қоюды», «талап қоюдың», «талап қоюмен» деген сөздермен ауыстырылды (2023 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Соттар балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешкен кезде кәмелетке толмағандардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) нормаларын дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді.
1. Соттар балаларды тәрбилеуге байланысты дауларды қарау барысында Кодексті және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға тиіс. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда нормативтік құқықтық актілерде қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттардың қағидаларын басшылыққа алу қажет.
ҚР Жоғарғы Сотының 2023.07.12. № 4 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Балаларды тәрбиелеуге байланысты даулар бойынша талап қоюды соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шеше отырып, Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала болып танылатынын назарда ұстау қажет.
Демо – версия документа