(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СОТТАРДЫҢ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ДАУЛАРДЫ...
Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңнаманы қолдануы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 15 нормативтік қаулысы
(2021.15.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Соттар балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешкен кезде кәмелетке толмағандардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) нормаларын дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді.
1. Соттар балаларды тәрбилеуге байланысты дауларды қарау барысында Кодексті және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға тиіс. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда нормативтік құқықтық актілерде қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттардың қағидаларын басшылыққа алу қажет.
2. Балаларды тәрбиелеуге байланысты даулар бойынша талап қою арызын соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шеше отырып, Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала болып танылатынын назарда ұстау қажет.
Егер бала он сегіз жасқа толса не аталған жасқа толғанға дейін эмансипация немесе некеге тұру нәтижесінде әрекетке толық қабілетті болса (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 17, 22-1-баптары), судья Кодекстің 68-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 151-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы негізінде талап қою арызын қабылдаудан бас тартады, ал егер іс бойынша іс жүргізу қозғалса, ол АПК-нің 277-бабының 1) тармақшасына сәйкес тоқтатылуға жатады.
Редакция документа
Демо – версия документа