(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2013.25.12 № 294 ҚАУЛЫСЫ
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының үшінші - он тоғызыншы, қырық жетінші - алпыс алтыншы, тоқсаныншы - тоқсан төртінші абзацтарын, Тізбенің 2-тармағының жиырма төртінші - отыз жетінші, елу екінші - елу алтыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тізбенің 1-тармағының сексен алтыншы - сексен тоғызыншы абзацтары 2013 жылғы 28 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 3-тармағының төртінші абзацы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 4-тармағы 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Қ. Келімбетов |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 294 қаулысымен
бекітілді
Банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі
Редакция документа
Демо – версия документа