Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 580 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидалары осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 18 мамыр

 

№ 580

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2021 жылғы 18 мамырдағы

№ 580 Жарлығына

1-ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2019 жылғы 27 тамыздағы

№ 141 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның

ҚҰРАМЫ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігінің Басшысы, комиссия төрағасы

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының өңірлік саясат мəселелеріне жетекшілік етуші орынбасары, комиссия мүшесі

Қазақстан Республикасы Президентінің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі, комиссия мүшесі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, комиссия мүшесі

Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі, комиссия мүшесі

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры, комиссия мүшесі

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку