(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСНАМА ӨЗГЕРГЕН ЖАҒДАЙДА СТАТИСТИКА...
Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 20 бұйрығы
(2023.06.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2023.18.07. № 8 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 6 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 18-1) тармақшасына және 13-бабы 5-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Редакция документа
Демо – версия документа