(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КОНЦЕССИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҰЙЫМ ...
Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 Қаулысы
(2015.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын»Қазақстандық мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2010.21.06. № 621 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.10.05. № 600 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.04. № 427 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.10. № 1072 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.25.12. № 1056 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:
1) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық ұсыныстардың сараптамасы;
2) ҚР Үкіметінің 2014.30.04. № 427 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптама;
4) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге сараптама;
5) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессия шарттарының жобаларына, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптама;
6) концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарына сараптама;
7) концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау;
8) республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама;
Редакция документа
Демо – версия документа