Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 981 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 981 бұйрығы

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамада бекітілген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді:

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға бұйрық жобасын жолдауды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интерент-ресурсына орнластыруды;

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 2), 3) және 4) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Әкімшілік полиция комитетіне (Лепеха И.В.) жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі.

 

 

Министр полиция

генерал-полковнигі

 

Қ. Қасымов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

А.Қ. Даулбаев

2015 жылғы 2 желтоқсан

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку