«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығы (2025.19.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы
(2025.19.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы Жарлыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Президентінің 2023.03.04. № 166 Жарлығын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Президентінің 2025.23.04. № 853 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 9 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2022.17.11. № 1074 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ереже;
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымы;
4) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) құрылымы;
5) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтарының тізбесі («Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен);
6) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Демо – версия документа