«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 776 бұйрығы (2024.17.03. берілген өзгерістермен)
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 776 бұйрығы
(2024.17.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2024.01.03. № 118 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 17 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің 2024.01.03. № 118 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 17 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2024.01.03. № 118 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 17 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Мына:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар табыс ететін мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдалануы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 229 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10931 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Демо – версия документа