(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2015.29.12 № 150 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы
Осы редакция 2016 жылғы 1 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдарға Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көрсетілген лауазымдар атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атауларды қолдану құқығы берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 150
Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 150 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ
1. Мемлекеттік саяси лауазымдар
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы және мүшелері
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы
Редакция документа
Демо – версия документа