(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫҢ КЕҢ ТАРАЛҒАНДАРЫН ҚОСПАҒАНДА, Ж...
Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1724 Қаулысы
(2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 6 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.23.02. № 115 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.15.02. № 140 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 353 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.17.06. № 607 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қазандағы
№ 1724 қаулысымен
бекітілген
Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа,сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық
Редакция документа
Демо – версия документа