«Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 615 бұйрығы
«Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 615 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарындағы нысандар:
орта білім беру ұйымындағы бұйрықтарды тіркеу кітабы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
орта білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі хаттамаларының кітабы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің жеке құрамын есепке алу кітабы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
білім алушыларды жазатын алфавиттік кітап осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жеке іс қағазы осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-4-сыныптарға арналған сынып журналы осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-11 (12)-сыныптарға арналған сынып журналы осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
факультативтік сабақтардың/үйде оқыту журналы осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналы осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
мектепалды сыныптарының журналы осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Демо – версия документа