(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТТАР ЖАСАСУ КЕЗІНДЕ...
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу кезінде авансты қамтамасыз ету түрі ретінде өнім берушінің жауапкершілігін сақтандыру шартын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 1018 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Түркістан қаласының құрылысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тұлғалармен құрылыс жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасу кезінде авансты қамтамасыз ету түрі ретінде өнім берушінің жауапкершілігін сақтандыру шартын қолдану жөніндегі пилоттық жоба іске асырылсын.
2. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 12590 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерту мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақтың үшінші - сегізінші абзацтары 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды
мынадай мазмұндағы 379-1-тармақмен толықтырылсын:
«379-1. Түркістан қаласының құрылысы бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу кезінде авансты қамтамасыз ету түрі ретінде өнім берушінің жауапкершілігін сақтандыру шартын қолдану жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге осы Қағидаларға 20-3-қосымшаға сәйкес құрылыс саласында жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартқа сәйкес веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 398-1-тармақмен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа