(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПАТЕНТТІК СЕНІМ БІЛДІРІЛГЕН ӨКІЛ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫС...
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығы
(2022.31.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2022.31.08. № 727 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Әділет министрінің 2021.30.06. № 549 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.31.08. № 727 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 22-4-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының Заңының 36-бабының 1-тармағына, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабының 1-тармағына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2022.31.08. № 727 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзерістер енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Редакция документа
Демо – версия документа