«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 826 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Кассациялық соттар департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармақтың 1) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Комиссия тоғыз мүшеден - облыстық және оларға теңестірілген соттардың (бұдан әрі - облыстық сот) төрт судьясынан, кассациялық соттардың (бұдан әрі - кассациялық сот) екі судьясынан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (бұдан әрі - Жоғарғы Сот) бір судьясынан және отставкадағы екі судьядан тұрады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Комиссия құрамына Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары, кассациялық соттардың төрағалары, облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің (бұдан әрі - Жоғары Сот Кеңесі), Қазақстан Республикасының Судьялар одағы филиалдарының судья әдебі жөніндегі комиссияларының және Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің мүшелері - судьялар сайлана алмайды.»;
8-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа