(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.04.11 № 1296 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 Қаулысы
(2015.27.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 98-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының Біртұтас авиациялық іздеу-құтқару қызметі (БАІҚҚ) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 қаңтардағы № 13 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1353 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 4 қарашадағы
№ 1296 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі
қағидалар
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе ұшыраған әуе кемелерін (бұдан әрі - ӘК), сондай-ақ олардың жолаушылары мен экипаж мүшелерін іздестіруді және құтқаруды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа