Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығы

Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығы

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2024 жылғы 7 қазандағы

№ 671 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

 қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

2-тарау. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау

4-тарау. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері

5-тарау. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

1-параграф. Әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру

2-параграф. Конкурстық комиссияны, сарапшыны (сараптау комиссиясын) бекіту

3-параграф. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку