(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ 2015.26.02 № 141 ...
Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ресми тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
2015 жылғы 10 наурыз
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 141 бұйрығымен бекітілген
Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті
талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптар (бұдан әрі - міндетті талаптар) тауар биржалары пайдаланатын электрондық сауда жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді.
Редакция документа
Демо – версия документа