(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛ...
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 224 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті» мемлекеттік мекемесін «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті» мемлекеттік мекемесі болып;
2) осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың атауы қайта аталсын.
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті;
2) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1 және 2-тармақтарынан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының он алтыншы және он жетінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Үкіметінің
2023 жылғы 16 наурыздағы
№ 224 қаулысына 1-қосымша
Редакция документа
Демо – версия документа