Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 698 бұйрығы

«Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 698 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10584 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларында:

фасеттік кодтау жүйесінің құрылымына қосымшасын осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку