(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.31.12 № 1511 ҚАУЛЫСЫ
Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптауға байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 251-құжат);
2) «Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1714 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 17, 276-құжат).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1511 қаулысымен
бекітілген
Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын
біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесі
Редакция документа
Демо – версия документа