«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына 7-қосымша) (2019.25.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2019.22.01. № 21 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 7-1/418 бұйрығына
7-қосымша
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 171 бұйрығымен күші жойылды
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.25.11. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.25.11. № 406 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті:
1) ветеринариялық мақсаттағы ветеринариялық препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді - Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет), (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші);
2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді - облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:
лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күнінен кеш емес;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
Документ утратил силу
Демо – версия документа