Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСУҒА ЛИЦЕНЗ...

 Осы редакция 2019 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2019.22.01. № 21 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 мамырдағы

№ 7-1/418 бұйрығына

7-қосымша

 

 

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.22.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті:

1) ветеринариялық мақсаттағы ветеринариялық препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді - Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет), (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші);

2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді - облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:

лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күнінен кеш емес;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку