«Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 10 бұйрығы (күші жойылды)
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 10 бұйрығы
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 31 қазандағы № 37 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 7-бабының 1-тармағына Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 10 бұйрыққа
1-қосымша
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі)
қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру
қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа