(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.19.09 № 995 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қаулысы
(2016.29.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің аумақтық органы - мемлекеттік мекемесі - «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы»;
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері құрылсын.
3. Мыналар:
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі комитеттерінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғалар қайта аталсын.
ҚР Үкіметінің 2015.27.02. № 100 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ведомстволары осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
Редакция документа
Демо – версия документа